Description
Мақалада Қазақстанның заманауи цифрлық мәдениеті – постколониялықтеорияның негізін салушылардың бірі Хоми Бабаның «үшінші кеңістік» және
«гибридтілік» концептілері негізінде тұжырымдалады. Қазақи цифрлық мәдениеттің
«үшінші кеңістікте» гибридті сипатта болуы дәстүрлі қазақ болмысының кеңестік
дәуірден сіңірген салдары мен жаһандық цифрлық трендтер тоғысындағы қатынаста
түсіндірілуі жұмыстың мақсатын анықтайды. Интернет пен әлеуметтік медиада қазақ,
орыс және жаһандық цифрлық мәдениеттер өзара әрекеттескен бірегей гибридтік кеңістік
құрып, бірегейліктің, тілдің және өзін-өзін танытудың жаңа формалары, аралас
лингвистикалық гибридті цифрлық коммуникация дамыды. Әлеуметтік желі
қолданушылар жазба, пікір, түсініктемелерде, субтитрлерде, пост және мемдермен
алмасқанда тілдер арасында жиі код ауысады. Мемдер мен интернет сленгіне орыс
тіліндегі сөз тіркестері, қазақ мақал-мәтелдері және ағылшын тіліндегі интернет
терминдері еніп, бірегей гибридті цифрлық диалект жасалады. Бұл цифрлық үшінші
кеңістік онлайн қарым-қатынаста қазақ болмысының қалай дамып жатқанын көрсету
арқылы тіл тазалығы идеясына қарсы шығады. Бұдан жасанды интеллект (ЖИ)
технологиялары әлемдік тілдік теңсіздікті күшейтіп, ағылшын және басқа да еуропалық
тілдердің үстемдігін нығайтады. Соның әсерінен қазақ тілі сияқты орта және шағын
ресурсты тілдер ЖИ жүйелерінде шектеулі қолдауға ие болып, цифрлық кеңістікте
маргинализацияға ұшырайды. Лингвистикалық империализм (Филлипсон) және
субимпериализм концепциясы (Марини) қазақ тілінің цифрлық дамуын тежеп, білімге,
технологияға және экономикалық мүмкіндіктерге тең қолжетімділікті шектейді. Қазақ
тіліне арналған ЖИ жобаларының аздығы, үлкен көлемдегі деректердің жетіспеушілігі
және коммерциялық басымдықтардың ағылшын не орыс тілді нарықтарға бағытталуы
қазақ тілінің технологиялық дамуына кедергі келтіреді. Бұл аталғандар – жұмыстың
өзектілігін анықтайды. Мақалада қазақ тілінің ЖИ жүйелеріндегі орны, цифрлық
белсенділік және жаңа ЖИ жобалары, цифрлық кеңістіктегі лингвистикалық гибридтілік,
және онлайн белсенділік арқылы қазақ болмысын қайта анықтау мәселелері жұмыстың
жаңалығын анықтайды. Қазақ тілін қолдайтын жасанды интеллект үлгілері мен деректер
жинақтарын құруда мемлекеттік қолдаудың, сондай-ақ қазақ тілін цифрлық кеңістікте
нығайтуға арналған дербес бастамалардың маңыздылығы талқыланады. Жұмыс
қорытындысында ЖИ-дің дамуымен тілдік әртүрлілікті сақтау жолдары ұсынылып, қазақ
тілінің болашағына қатысты стратегиялық қадамдар мен тілді технологиялық ортада
қорғауға және дамытуға көмектесетін негізгі әдістер ұсынылады.
| Period | Apr 2 2025 |
|---|---|
| Held at | Turkestan, II International Symposium |
| Degree of Recognition | International |
Keywords
- Хоми Баба
- «үшінші кеңістік"
- «гибридтілік»
- бірегейлік
- қазақстандық ЖИ жобалары