Алаш әдебиеттануы

Research output: Book/ReportBook

Abstract

Белгілі әдебиеттанушы Айгүл Ісімақованың кезекті еңбегі - қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының ең бір сүбелі кезеңі ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлттық көркемсөз өнерiн зерделеуге арналған. Қазақтың көркемсөзді қастерлеген ата-баба сөзі қашаннан басталады? Алаш әдебиеттануы деген ұғым қашан қалыптасты? Алаш ғалымдары ғылымға (әдебиет, тарих, педагогика, білім беру ісі, психология, саясатттану) қандай үлес қосты? Тәуелсіздік кезеңінің бүгінгі ғылымына Алаш ғылыми мұрасы несімен қажетті болып табылуда? Кітап осы сауалдарға жауап береді. Кітапта қазақ көркемсөзінің көрнекті өкілдерінің ғылыми шығармашылық тұлғасы бүгінгі ХХІ ғасырдың әдебиеттанулық талаптары тұрғысынан қарастырылған. Сонымен қатар автор Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Досмұхамедұлы, Смағұл Сәдуақасұлы, Мағжан Жұмабай, Қошке Кемең герұлылардан басталатын Алаш әдебиеттануының шынайы келбетін әл Фараби, Абай, Ыбырай, Шоқаннан таратып ұлт әдебиетінің тарихи негізін ажырамас бірлікте жүйелейді. Кітаптағы әрбір әдебиеттанушының қазақ әдебиетіндегі көркемсөз құдіреті, олардың зерттеуге қосқан үлесі, ғылыми, әдеби - теориялық ой - тұжырымдары жан - жақты тұңғыш рет айқындалған. Автор асыл сөздің басты міндетін айғақтап, оны іс жүзінде қазақ тілінде көр сетіп берген де осы Алаш әдебиеттанушылары екенін нақты, ғылыми дәйектер мен тұжырымдар арқылы хрестоматиялық тұрғыда дәлелдеп береді.
Асылында «Алаш әдебиеттануы» ұлттық әдебиеттің, яғни қазақтың жаны мен мұңының, мақсаты мен мұратының бүгіні мен келешегіне деген үлкен жауапкершілігінің белгісі. Кітап жоғары және орта мектеп мұғалімдері мен әдебиет саласындағы барлық мамандарға, ұлт әдебиеті мен тарихын сүйер жалпы оқырман қауымға арналған.
Original languageEnglish
Publisher«Мектеп» баспасы
Number of pages560
Edition1
ISBN (Print)9965-36-612-8
Publication statusPublished - 2009

ASJC Scopus subject areas

  • General Arts and Humanities

Cite this