АУСТРАЛИЯЛЫҚ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ. Екітілді елтанымдық сөздік

Research output: Book/ReportBook

Abstract

«Аустралиялық ағылшын тілі қазақ тілінде. Екітілді елтанымдық сөздік» атты екітілді елтанымдық сөздік Аустралияның қоғамдық өмірінің барлық салаларына, саяси, әлеуметтік өміріне, табиғи-географиялық ортасына, тарихына, мәдениетіне, дәстүрі мен өмір сүру салтына, әдет-ғұрыптарына, білім беру мен ұлттық спорт түрлеріне қатысты, сондай-ақ жергілікті абориген тілдерінен алынған аустралиялық ағылшын тілінің лексикалық байлығын қазақ тіліне аударған екітілді, елтанымдық лексикографиялық құрал болып табылады. Сөздікте сипатталған елдің өткен және қазіргі өміріне, тарихына және ұлттық дәстүрлеріне байланысты ұғымдарды білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің аудармаларымен қатар анықтамалық сипаттағы елтанымдық түсініктемелер мен ақпараттар беріледі. Сөздікке 2450 бірлік енді.
Тіл, тарих, мәдени елтану саласындағы мамандарға, аудармашыларға, оқытушыларға, студенттерге, жалпы Аустралия еліне, жеріне қызығатын оқырмандарға арналған.
Original languageEnglish
Place of Publication010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13
Publisher«Фолиант» баспасы
Number of pages376
ISBN (Print)978-601-338-647-8
Publication statusPublished - Dec 2020

Cite this