Байтұрсынұлы Ахмет 2-том

Research output: Book/ReportBook

Abstract

Алаш ардагері, қоғам қайраткері, ақын, әдебиеттанушы теоретик ғалым , ғұлама әдіскер Ахмет Байтұрсынұлының шәкірті Телжан Шонанұлымен бірге жазған «Оку құралы» оқырмандар қолына тұңғыш рет 2004 жылы қазақ әрпіне түсiрiлiп, ұсынылған еді. Сол кітап түпнұсқамен қайта салыстырылып, толықтырылды.
Бұл хрестоматиялық еңбек бастауыш мектеп оқушыларына қазақ тарихы , әдебиеті мен қазақ тiлi, жағырапия, шаруа - кәсіп және жаратылыстану, т.б. ғылым салалары бойынша санқырлы мағлұматтар бередi.
«Оқу құралы» үш бөлімнен тұрады. Бiрiншi бөлім «Әдебиет, тұрмыс, еңбек», ал «Ғылым» атты екiншi бөлiм жеткіншектер ұғымына қажеттi ғылыми ақпараттармен толықтырылған. «Дүние» деп аталған үшінші бөлім жаратылыстану тылсымдарымен таныстырады. Әдістемелік тәсiлi мен тiлi ұлттық дүниетанымға сәйкес келетіндіктен оқулық өте қызыұты оқылады. Сондықтан «Оқу құралы» мектеп оқушылары мен оқытушыларына, жоғары оқу орындарынын ұстаздары мен студент жастарға, жалпы оқырман кауымға арналады.
Original languageKazakh
Place of PublicationАлматы: «Ел - шежіре»
Number of pages384
Edition2
Publication statusPublished - 2013

Keywords

  • «Оқу құралы»
  • Ахмет Байтурсынов

Cite this