Abstract
Кәсіби тілдік дайындық маманданудың маңызды бірлігі болып табылады. Тілдік құралдарды тұлғалық және кәсіби өсудің құрамдас бөлігі деп тану, біріншіден, тілдік курстардың бағыт-бағдарын нақтылауға; екіншіден, кәсіби дүниетанымды жүйелі қалыптастыруға септігін тигізеді. Кәсіби оқыту нысаны ақпараттың қабылдану, өңделу сипатымен, креативті шешім қабылдаудың кәсіби-шығармашылық деңгейімен айқындалады. Нәтижесінде тіл үйренушінің кәсіби тілдік қорды пайдалануға дайындығы, біліктілік дәрежесі өзектеліп, салыстырмалы-аналитикалық зерттеулер мен жеке мамандандырылған ақпарат көздерін ұтымды пайдаланудың өзгеше әдістемелік үлгісі жасалады. Бұл жағдайда қажеттілік шеңбері кәсіби мамандармен тең дәрежелі серіктестік құрайтын оқу бағдарламалары арқылы өз шекараларын белгілей алады.
Original language | English |
---|---|
Title of host publication | КӘСІБИ ТІЛДІК ДАЙЫНДЫҚ: ТӘЖІРИБЕЛЕР САБАҚТАСТЫҒЫ |
Number of pages | 5 |
Publication status | Published - Feb 24 2017 |