Кәсіби қазақ тілін оқыту жүйесіндегі пәнаралық сабақтастық

Research output: Chapter in Book/Report/Conference proceedingConference contribution

Abstract

Кәсіби қазақ тілін оқытуды Қазақстан Республикасында бекітілген стандарт пен типтік бағдарламаға сәйкес модельдеу, оның негізгі компоненттерін сипаттау және шетелдік тәжірибелерді жергілікті сұраныс деңгейіне бейімдей отырып, қолдану бүгінгі күні білім берудің өзекті бағыттарын құрайды. Кәсіби қазақ тілін оқыту барысында назарды тек кәсіби лексикаға аудару жеткіліксіз, себебі кез келген мамандық иесі кәсіби біліктілікті тілдік қатынас негізінде дамыту, академиялық ізденіс дағдыларын тіл арқылы қалыптастыру мақсаттарын көздейді. Ол үшін кәсіби-бағдарлы оқыту моделінің компоненттері уәждемелік, мазмұндық және процессуалдық бірліктерден жинақталуға тиіс. Осыған орай, кәсіби білім беру мен кәсіби тілдік құзыретті қалыптастыру шарттарын ажырата білу аса маңызды. Біріншіден, кәсіби біліктілікті қалыптастыратын ұғымдық бірліктер мен олардың қолданыс аясы мамандандырылған пәндер арқылы жүйеленетін болса, тілдік құралдар кәсіби қарым-қатынасты жүзеге асыруға, әр адамның тұлғалық өркениетін дамытуға жұмыс істеу керек. Екіншіден, кәсіби терминдердің мазмұндық немесе контенттік өрісі арнайы курстар арқылы ұсынылса, олардың функционалды-семантикалық өзгешелігі тіл арқылы коммуникативтік компоненттермен сабақтасқаны абзал.
Original languageEnglish
Title of host publicationКәсіби қазақ тілін оқыту жүйесіндегі пәнаралық сабақтастық
Publication statusPublished - Apr 22 2016

Cite this