МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДЕГІ ҰЛТТЫҚ МІНЕЗДІҢ КӨРІНІСІ

Research output: Contribution to journalArticlepeer-review

Abstract

Tіл –хaлықтың баға жeтпeс қaзынaсы, ұлттық мінeз, ұлттық бaйлығының көрcеткіші, оның әдет-ғұрып, caлт-дәcтүp, дүниeтaнымының таpиxы. Ұлтымыздың рухани құндылықтарын, мәдени қазынасын ауызға алғанда оның алтын бастау қайнары сөз өнерінен басталатыны сөзсіз. Бітпес дауды бір ауыз сөзбен бітістіретін бабалардың шешендік толғаулары, әр кезеңнің тыныс-тіршілігін көз алдымызға алып келер төкпе өлең-жырлары, дастандары бүгінгі ұрпақтың ұшан-теңіз қазынасына айналып отыр. Соның ең бір шүйгінді саласы ауыздан-ауызға көшіп, ғасырлар бойы жинақталған мақал-мәтелдер, нақыл сөздер десек те болар. Мақал-мәтелдер тілдің ажырамас бөлігі бола отырып, сол халықтың мәдениетін, өзіндік ерекшелігін, дүниетанымын, негізгі құндылықтарын көрсетеді. Демек, мақал-мәтелдерді зерттеу белгілі бір халықтың ұлттық ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі. Мақал-мәтелдер ұлттық мінез ерекшеліктерімен танысу үшін жақсы материал болып табылады, өйткені оларда халықтың өзіндік ерекшелігінің бейнесі, ізі сақталған. Кез келген тілдегі мақал-мәтелдерді зерттеу сол тілде сөйлейтін адамның менталитеті мен ұлттық сипатын түсінуге ықпал етуі мүмкін. Мақалада мақал-мәтелдердің халықтың мінезін, ұлттық болмысын, ерекшелігін бейнелеудегі орны нақты мысалдармен айқындалып талданады. Бұл мақала жас оқырмандар мен олардың ата-аналарына, сондай-ақ қазақтың ана тілінжақсы көретіндердің барлығына өз білімдерін толықтыруға,өз сөздерін бейнелі, шұрайлы,нақты сөздермен байытуға және жандандыруға көмектеседі.
Original languageKazakh
Pages (from-to)207
Number of pages2017
JournalBulletin of the Eurasian Humanitarian Institute
DOIs
Publication statusPublished - 2023

Cite this