М.ӘУЕЗОВТІҢ «ҚИЛЫ ЗАМАН» РОМАНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРИХИ-САЯСИ МАҢЫЗЫ*

Translated title of the contribution: THE NOVEL “QILY ZAMAN” BY M. AUEZOV AND ITS HISTORICAL AND POLITICAL SIGNIFICANCE

Research output: Contribution to journalArticlepeer-review

36 Downloads (Pure)

Abstract

Ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар сӛзінің биік
парасаты – Абай даналығынан кӛрінсе, сол дәстүрді кейінгі
әдебиетте Алаш қайраткерлері қайта жаңғыртты. Алаш
қайраткерлері сол замандағы қандай қиындыққа да тӛтеп беріп,
ХХ ғасыр басында ел мәдениеті мен әдебиетін жаңаша дамытуға
бар-күш жігерін жұмсады. Алаш қозғалысына атсалысқан
қайраткерлердің бірі жазушы Мұхтар Әуезов қазақ жұртының
ұлттық намысын оятуға, тарихи сананың жаңғыруына айрықша
еңбек етті.
Алаш идеясы – жас жазушының кӛзқарасын қалыптастырған
үлкен саяси мектеп еді. Алаш жолындағы қайраткерлік
миссиясын М.Әуезов ӛзінің «Қилы заман» романында
толыққанды жүзеге асырды. Жазушының шығармашылық
жолындағы үлкен белестің бірі де осы «Қилы заман» романы
болатын. Аталған шығарма жазушының шығармашылық
эволюциясын, күрделі прозалық жанрда тарихи мәні бар
құбылыстарды меңгеруге, ұғынуға кӛмектеседі. Шығармада
автор ХХ ғасырдың алғашқы жылдары Ресей патшалығының
қазақ халқына жасаған отаршылдық зардаптарын батыл
суреттейді. Шығарма жазылған уақытта Мұхтар Әуезов
Ленинград Мемлекеттік университетінің студенті еді. Роман 1928
жылы Қызылорда қаласында «Қазақстан» баспасынан жарыққа
шықты. «Қилы заман» 1916 жылы қазақ даласында орын алған
ұлт-азаттық кӛтерілісін суреттеуге арналған қазақ әдебиетіндегі
тұңғыш саяси роман
Алаш идеясын кӛркем әдебиет арқылы насихаттаған жазушы
халқымен бірге ӛзі де қилы тағдырды басынан кешіп, алаш
аманатын біздің дәуірге жеткізді. Мақалада М.Әуезовтің «Қилы заман» романы зерттеу нысанына алынып, оның жанрлық
ерекшелігіне, тарихи-саяси маңызына тоқталып, отаршылдыққа
қарсы азаттық идеясы постотарлық кӛзқараспен сараланады.
Translated title of the contributionTHE NOVEL “QILY ZAMAN” BY M. AUEZOV AND ITS HISTORICAL AND POLITICAL SIGNIFICANCE
Original languageKazakh
Article number3
Pages (from-to)31
Number of pages71
JournalTúrkologıa
Volume4
Issue number116
Publication statusPublished - Dec 2023

Keywords

  • Алаш, ұлт-азаттық кӛтеріліс, Қилы заман, роман, қазақ әдебиеті

Cite this