Abstract
Қазақ тіл білімінде тілге тек құрылымдық ерекшелік ретінде емес, адамзат болмысының өзгеше бір бөлшегі деп қарау – ХХ ғасырдың басынан бастау алған ғылыми қағидалардың бірі. Адамзат атаулына тән тіл мен ойлау арақатынасымен анықталатын зейін қою, жадыда сақтау, елестету, қиялдау, шығармашылық деңгейді таныту, образды түрде қабылдау әрекеттерінің барлығын тіл табиғаты мен қызметін анықтайтын мәселелер қатарына жатқызған зерттеушілер лингвистикалық ізденістердің өзгеше мақсат-міндеттерін сұрыптады. Кез келген ой түйінінің астарында адамның табиғи қабілеті, жан-жақты тану әрекеті жататындықтан, антропоцентристік тұжырымдардың негізін, алдымен, адамның субъективтік болмысын қоршаған әлем заңдылықтарымен байланыстырар себептер анықтады. Олар жекеленген тұлғалардың есту, көру қабілеттерімен айқындалатын адамның ойлау, саралау, пайымдау, талдау мүмкіндіктерін танытар ерекшеліктерге негізделді. А. Байтұрсынұлының еңбектері ойды ойға жалғайтын, тіл табиғатын қызметімен өзектейтін тілдік «экскурстар» (Ә. Қайдар) құндылығын анықтады. Тілдік материалдарды таза теориялық қағидаларға ғана емес, идеялық-рухани тәрбиеге, халықтық дүниетанымға арқау еткен А. Байтұрсынұлы қазақ тілін адамзат табиғатын айқындайтын ғылымның маңызды тармағы деп саралады.
Original language | English |
---|---|
Title of host publication | Тың ойлардан бастау алған «тілтаным» (А. Байтұрсынұлы еңбектері негізінде) |
Place of Publication | The Republic of Kazakhstan The Ministry of Education and Science The Institute of Linguistics named after A. Baitursynov |
Pages | 94-99 |
Number of pages | 6 |
Publication status | Published - Mar 15 2017 |