Түркі тілдеріндегі түс атауларының лингвистикалық сипаты.

Research output: Chapter in Book/Report/Conference proceedingConference contribution

Abstract

Әрбір халықтың қоғамдық-әлеуметтік, мәдени-тарихи дамуымен тікелей
байланыста болатын белгілі бір атаулар жүйесі болады. Мұндай атауларды
жан-жақты зерттеу халықтың әлемді танудағы таным-түсінігін анықтауға
мүмкіндік береді. Сондай жүйелердің бірі – тілдегі түр-түс атаулары. Түр-түс
атауларын қолдану адамзат өмірінің барлық салаларында орын алады. Түс
арқылы бір затты екінші заттан ажырату немесе олардың ортақ
ұқсастықтарын көрсету халық тілінде еркін көрініс табады. Осы бағыттағы
зерттеу лингвистика, әлеуметтану, тарих, мәдениет т.б. салаларда әлі күнге
дейін өзекті болып табылады. Зерттеу бағыттары салыстырмалы және
салғастырмалы тұрғыда дами отырып, аталмыш атаулардың тек бір тілдегі
көрінісі немесе ұқсас тілдердегі көрінісі көптеген ғалымдардың зерттеулеріне арқау болды. Зерттеулерге сүйене отырып, түс атаулары төмендегідей мағыналық топтарда кездесетінін байқаймыз: 1) негізгі атауыштық мағына (заттардың түр-түс атаулары); 2) географялық атауларда (жер, су, табиғи құбылыс атаулары); 3) кісі есімдері; 4) тілек, сезім, қадір-қасиет, әдемілік ұғымы; 5) әлеуметтік-қоғамдық, тарихи қолданыста т.б. Бұл мақалада түркі тілдеріндегі, оның ішіндегі башқұрт және қазақ тіліндегі түс атауларына қатысты өзара ұқсастық қарастырылып, талқыланды. Мақалада берілген мысалдар қостілдік сөздіктер мен осы бағытта (түр-түс атауларын зерттеу)
жарияланған ғылыми еңбектерге сүйене отырып алынды.
Original languageKazakh
Title of host publicationТүркі тілдеріндегі түс атауларының лингвистикалық сипаты.
PublisherАбай атындағы ҚазҰПУ, «Ұлағат» баспасы, 2019
Pages290
ISBN (Print)978-601-269-226-6
Publication statusPublished - 2022
Event«Заманауи білім беру кеңістігіндегі филология ғылымы: дҽстҥр мен инновация» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция - Абай атындағы ҚазҦПУ, Алматы, Kazakhstan
Duration: Dec 22 2022 → …

Conference

Conference«Заманауи білім беру кеңістігіндегі филология ғылымы: дҽстҥр мен инновация» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция
Country/TerritoryKazakhstan
CityАлматы
Period12/22/22 → …

Cite this