Abstract
Әйел тағдыры, әйел құқығы қай заманда да өзекті болған мәселе. Мақалада
автор адамзат тарихындағы гендерлік мәселелерге шолу жасай отырып, ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамында көтерілген әйел мәселесі, оны шешу жолындағы қазақ зиялыларының жасаған еңбектері сол кезеңде жазылған әдеби шығармалар мен публицистикалық мақалалар негізінде әдеби теориялық және тарихи аспектіде талдау жасайды. Қазақ халқы өмірдегі әйел рөлін ерекше бағалаған және сол себепті қыз баланың тәрбиесіне, жүріс-тұрысына, жалпы тірлігіне назар аударып, өмір жолын бағдарлап отырған. Қазақ әйелі ел басына күн туғанда атқа мініп, жауға шауып, даналығымен ел
басқарған кездері де болды. Бірақ уақыт өте келе қазақ қоғамында да әйел мәселесі күрделене түсті. ХХ ғасыр басында қазақ қоғамындағы гендерлік мәселелердің маңызын түсінген алаш зиялылары халықтың санасына әсер ету үшін арнайы мақалалар, көркем шығармалар жазды. Оны баспасөз құралдары арқылы халыққа таратты. Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман да осы әйел мәселесіне арналды. Әйелдердің азаматтық құқықтары, қоғамдағы орны ХХ ғасырдың бас кезінде алаш қайраткерлерінің араласуымен оң шешімін таба бастады. Зерттеу мақалада ХХ ғасыр басында қазақ даласындағы гендерлік мәселелерді көтерген М. Дулатұлының «Бақытсыз Жамал», Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романдары, М. Әуезов, М. Жұмабаев, Н. Құлжанова сияқты
алаш зиялыларының публицистикалық мақалалары талдауға алынды.

Original language | Kazakh |
---|---|
Pages (from-to) | 64-78 |
Number of pages | 15 |
Journal | Iasaýı ýnıversıtetіnіń habarshysy |
Volume | 126 |
Issue number | 4 |
Publication status | Published - Dec 2022 |