Қазақ тілі оқулық В2

Translated title of the contribution: Kazakh language. Textbook. B2

A.K. Balabekov, A.T. Bozbayeva-Hung, G. Dosmambetova, B. Salykova, A. Hazimova

Research output: Book/ReportBook

Abstract

Əлемдік тіл үйрету тəжірибесінің кең тараған, озық əдістемелерін негізге ала отырып жазылған бұл оқулық үздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде әзірленген қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешеннің құрамына енеді. Оқулық қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың Қазтест жүйесі мен Еуропалық стандарт деңгейлеріне сəйкес орта деңгейде оқитын топтарға ұсынылады.
Ұсынылып отырған оқулық қазақ тілін меңгерудің орта деңгейі (В1) бойынша әзірленген. Оқулықта коммуникативтік дағдыларды дамытуға негіз болатын сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша тілдік материалдар
қамтылған. Тілдік қатынастың отбасы-тұрмыстық, мəдени-əлеуметтік, кəсіби-елтанымдық жəне қоғамдық салаларына сəйкес өзекті тақырыптарды қамтыған мəтіндер мен коммуникативтік тапсырмалар жүйесі тіл үйренушінің сөйлеу əрекетінің оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым түрлері бойынша тілдік дағдылары мен сөйлеу іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған. Сонымен бірге, тыңдалымға арналған аудиомəтіндер мен тапсырмалар аудиодискіге жазылып, оқулыққа қосымша ретінде жеке ұсынылды.
Оқулық қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде үйренушілерге, қазақ тілінің оқытушылары мен әдіскерлеріне, сондай-ақ жалпы қазақ тілін үйренемін деген оқырман қауымға арналған.
Translated title of the contributionKazakh language. Textbook. B2
Original languageKazakh
Number of pages340
Edition2
Publication statusPublished - 2017

Fingerprint Dive into the research topics of 'Kazakh language. Textbook. B2'. Together they form a unique fingerprint.

Cite this