Abstract
Жаһандану үдерісіндегі жаңа мыңжылдыққа өркениет көшінің қатарында болу мақсатымен қадам басқан еліміздің ең басты құндылығы - тіл. Тіл – әрбір ұлттың рухани байлығы, кескін-келбеті, тұғырлы тірегі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Қазақстанның болашағы, оның ана тілінде екенін атап көрсетіп, оның дамуына аса зор көңіл бөліп, келелі жұмыстар атқарып келеді. Қазақ тіліне деген құрмет пен сұраныс ұлттық сананың биігіне көтеріліп, жалпыхалықтық мүдде, қуатты қатынас құралына айналуы және халықаралық қатынаста өзіндік мемлекеттік мәртебесін сақтауы, еліміздің жарқын болашағының кепілі болмақ. Осындай іргелі мақсаттарды жүзеге асыруда, елбасымыз 2012 жылы жариялаған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында латын əліпбиіне көшу мəселесіне ерекше тоқтала келіп: «Біз 2025 жылдан бастап əліпбиімізді латын қарпіне, əліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мəселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз жəне бұл əлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» дей отырып, 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге тапсырма берді. Сол кезден бастап, латын әліпбиіне көшу мәселесі қоғамда қызу талқылауға түсті. Оған қатысты түрлі пікірталастар, қайшылықтар да туындады. Дегенмен, уақыт өте келе, халқымыз латын графикасына көшу еліміздің ұлттық бітім-бітім болмысын сақтай отырып, өркениетті елдер қатарына қосылуына апарар сара жол, бауырлас түркі елдерімен біріктіретін негізгі құрал, ғылым мен технологияның дамыған заманында әлемдік ақпараттық кеңістікке кіруге зор мүмкіндік екендігін түсінді.
Original language | English |
---|---|
Title of host publication | The International scientific and practical conference “The transition of the Kazakh language to Latin script: official language development in the terms of globalization”, Kh. Dosmukhamedov Atyrau State University, 5-6 June, 2018. |
Publication status | Published - Jun 5 2018 |