"Отбасы тілі", оның заманауи әлеуметтік мәні мен қызметі

Translated title of the contribution: The social significance and function of the "Heritage language" in Kazakhstan

Research output: Chapter in Book/Report/Conference proceedingConference contribution

Abstract

Мақалада «отбасы тілі» түсінігіне, оның әлеуметтік мәні мен қызметіне сипаттама беріледі. Қарым-қатынастың виртуальдануы, ірі миграциялық көші-қоннан тілдік контактілердің жаңа түрлерінің, микроәлеуметтік қауымдастықтардың пайда болуы әсерінен пайда болған көптілділік және қоғамның бірнеше тілдік сипаты – қазіргі қай мемлекетке болса да тән жағдай. Осы тұста әлеуметтік ғылымдар саласындағы жаңа түсінік – «heritage language» (отбасы тілі), тікелей аударсақ, «мұра» тіл кездеседі, бұл қазақстандық тілдік орта үшін жаңа түсінік, және де түсіндіруді қажет етеді. Бұл түсініктің отаны АҚШ-тағы «отбасы тілінің» ағылшын тілімен тарихи және әлеуметтік жағдайда қатар өмір сүре отырып, жіктелген үш түрлі категориясын анықтайды. Көптілді жағдаятты Қазақстандық тәжірибеде тілдік плюрализм «отбасы» тілдері арқылы қалыптасқан, тарихи миграциялық ауысулардың кезеңдік сипатына қарай, «отбасы тілдерінің» төрт категориясы анықталды. «Отбасы тілінің» заманауи қызметі қазақстандық «Мәңгілік ел» идеясын қалыптастырушы да және оны жүзеге асырушы әлеуметтік рөлімен, бүгінгі тандағы көп этносты, көп нәсілді және көп конфессиялы Қазақстан үшін мемлекеттік тілдің маңына этностарды біріктіретін, қарым-қатынастарында өзара сыйластық пен төзімділікті сақтайтын ұйымдастырушылық маңызымен сипатталады.
Translated title of the contributionThe social significance and function of the "Heritage language" in Kazakhstan
Original languageKazakh
Title of host publication"Отбасы тілі", оның заманауи әлеуметтік мәні мен қызметі
Place of PublicationNazarbayev University
Pages367-369
Number of pages3
EditionКазахстан
Publication statusPublished - 2015
EventThe International scientific and practical conference at Nazarbayev University “Abay is a worldwide phenomenon” dedicated to the 170th Anniversary of the Kazakh national poet Abay Qunanbayuli - Nazarbayev University, Astana, Kazakhstan
Duration: Oct 30 2015Oct 31 2015

Conference

ConferenceThe International scientific and practical conference at Nazarbayev University “Abay is a worldwide phenomenon” dedicated to the 170th Anniversary of the Kazakh national poet Abay Qunanbayuli
CountryKazakhstan
CityAstana
Period10/30/1510/31/15

Keywords

  • «отбасы тілі», микроәлеуметтік қауымдастық, тілдік жағдаят, миграциялық ауысулар, этносаралық қауымдастық

Fingerprint Dive into the research topics of 'The social significance and function of the "Heritage language" in Kazakhstan'. Together they form a unique fingerprint.

Cite this